Алматыда ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтқан әзілкеш жазаланды

0
305

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.


Алматыда ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтқан әзілкеш жазаланды

ERNUR.KZ. Алматыдағы ойын-сауық орнындарының бірінде әдіпсіз сөздер айтып, тәртіп бұзған әзілкеш жазаланды, деп жазады sputnik.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әзілкешке ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.
Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
"Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ",-делінген хабарламада.