Алматыда алғаш рет ауадағы озон мөлшері өлшенеді

0
2 027

Алматыда озонның мөлшері 4 автоматты бақылау бекетінде өлшенеді.


Алматыда алғаш рет ауадағы озон мөлшері өлшенеді

ERNUR.KZ. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда алғаш рет ауадағы озон деңгейі өлшенеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматыда озонның мөлшері 4 автоматты бақылау бекетінде өлшенеді. Олар төмендегі мекенжай бойынша орналасқан:

Ахметов көшесі 50, аэрологиялық станция,
- Рихард Зорге көшесі 14, Түрксіб ауданының АІІБ,
- Жанқожа батыр көшесі 202, "Шаңырақ" шағын ауданы, №26 мектеп,
- Әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысы, Орбита шағын ауданы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауадағы озонның мөлшері Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Петропавл, Түркістан, Павлодар, Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен қалалары, Бейнеу кенті және "Бурабай" мониторинг станциясында өлшенеді.

"Алдағы уақытта озон деңгейін AirKz мобильді қосымшасы мен интерактив картадан көруге болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, озон (O3) - өткір иісі бар, көк түсті улы газ. Оның иісі хлорға ұқсас.