Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қағып кеткен азамат қайтыс болды

0
140

Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.


Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қағып кеткен азамат қайтыс болды

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады inform.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 маусым күні Hyundai H 350 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 75 шақырымда жаяу жүргінші қағып кеткен. Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.

– Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.