Алматы облысында ер адам әйелін 6 мың теңге үшін соққыға жыққан (видео)

0
249

Оқиға жатақханалардың бірінде болған.


Алматы облысында ер адам әйелін 6 мың теңге үшін соққыға жыққан (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы Шамалған ауылында ер адам ақша үшін әйелін ұрып-соққан, деп жазады stan.kz.

Оқиға жатақханалардың бірінде болған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ер адамның не істеп жатқаны көрінбейді, бірақ оның не туралы айтып жатқаны анық естіледі.

Ол әйелге айқайлап, ақшаны неге сұрағанда жібермегенін айтып, ұрыс шығарып жатты. Жәбірленуші автобуста келе жатқандықтан, өзін нашар сезініп, жібере алмай қалғанын айтып ақталды.

Алайда ер адам алты мың теңгені қайда салғанын түсіндіруді талап ете бастады. Қатты балағаттап, қорлай бастады. Содан кейін соққылар мен әйелдің жылаған даусы естілді.

“Бұл факті бойынша полицияға хабар түспеді. Ақпаратты тексеру үшін мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ерлі-зайыптының арасында отбасылық жанжал болғаны анықталды. Әйел күйеуінің соққыға жыққанын жоққа шығарып, шағымы жоқ екенін айтты. Ол арыз жазудан бас тартып отыр. Полицейлер денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша жиналған материалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді”, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.