Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қайта іске қосылады

0
84

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы тоқтатылған болатын.


Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қайта іске қосылады

Фото: time.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Ресей темір жолы" порталы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

— "Қазақстан темір жолы" компаниясымен келісе отырып, біз Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасын қалпына келтіріп жатырмыз. Пойыздар екі күн сайын қатынайтын болады, — делінген хабарламада.

Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 20:00–де № 7/8 Алматы-Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:27–де № 85/86 Мәскеу-Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.