"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның хабарлауынша, 26 қазаннан бастап Алматы мен Мәскеу арасында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады.
Фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Бұл бағытта № 7/8 "Алматы – Саратов" пойызының құрамындағы вагондар Саратов станциясына дейін барады. Одан әрі вагондар № 85/86 "Дербент – Мәскеу" пойызына тіркеліп, Мәскеуге жөнелтіледі, деп жазады inbusiness.kz.
– Мәскеуге тікелей баратын "Алматы – Мәскеу" бағытындағы вагондар күнара қатынайды. Құрамында бір купелік және бір плацкарт вагон болады, – деп нақтылады "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері.
Жолаушылар бұл бағытқа билеттерді онлайн түрде сатып ала алады.