Жарылыс кемінде екі пәтерді қиратып, үй тұрғындары эвакуацияланды.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 4 маусымда Ақтөбедегі Абай даңғылында орналасқан тұрғын үйде газ жарылды, деп жазады zakon.kz.
"Диапазон" басылымының жазуынша, оқиға №24/1 үйдің төртінші қабатында болған.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тапты. Жарылыс кемінде екі пәтерді қиратып, үй тұрғындары эвакуацияланды.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен полиция келіп жетті. Қазіргі уақытта апат салдарын жою және жарылыстың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.