Ақтаудағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
110

Бес адам зардап шеккен.


Ақтаудағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Фото: lada.kz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы толығырақ ақпарат берді, деп жазады tengrinews.kz.

28 қазанда сағат 9:03-те Маңғыстау облысы ТЖД-ға "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 11 құтқарушы және 4 техника шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам зардап шеккен: үшеуі ересек және екеуі 10 және 15 жастағы балалар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарылыс туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел жәрдем және Төтенше медицина орталығының мамандары барған.

"Бес адам зардап шеккен. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Алайда жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің бірі 52 жастағы ер адам 3-АБ дәрежелі күйік алып (денесінің 55 пайызына дейін), жансақтау бөлімінде жатыр.

"Оның беті, мойны, кеудесі, екі қолы, екі аяғы және арқасы 3-АБ дәрежесінде, 50–55 пайызы күйген", – деп жазады Lada.kz.

Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына үш бала жеткізілгені айтылды. 15 жастағы қыз көміртек тотығымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. 10 жастағы қызға да дәл осындай диагноз қойылған, бірақ анасы оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 7 жастағы ұлды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.