Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті

0
72

Медицина көлігіне Toyota Camry маркалы жеңіл көлік соқтығысқан.


Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті

фото: Sergek Group

ERNUR.KZ. Ақтауда шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Медицина көлігіне Toyota Camry маркалы жеңіл көлік соқтығысқан. Оқиға 17 тамызда болған.
"Жол апаты сағат 20:15-те 26, 28, 24 және 24А шағын аудандар арасындағы қиылыста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермеу салдарынан соқтығысқан", - дейді ведомстводағылар.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Toyota Camry жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.