Ақмолада ер адам алаяқтарға кодты айтпаса да бар ақшасынан айырылып қалды

0
56

Жәбірленуші ұялы телефонына мобильді қосымша орнатқан.


Ақмолада ер адам алаяқтарға кодты айтпаса да бар ақшасынан айырылып қалды

фото: CC0

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғыны мобильді қосымша орнатып, 5 млн теңгесінен айырылды, деп жазады sputnik.kz.
Сандықтау ауданының полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Белгісіз адамның қоңыраунан кейін 55 жастағы ер адам ұялы телефонына қосымша орнатып, келесі күні депозитте сақталған 5 000 000 теңгесінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, жәбірленуші қандай да бір кодтарды, жеке деректерді немесе банктік шоттарды ешкімге айтпаған, сондай-ақ ақша қаражатын аудармаған.
Ауыл тұрғыны өзін ұлттық банктің қызметкері болып таныстырған белгісіз адамдардан қоңырау түскенін айтты.
"Олар ер адамды ақшаны бір банктің депозитінен екіншісіне аударуға көндірген. Кейіннен ақмолалық депозитті тексергенде, ол 2,5 млн теңгеден екі транзакциямен 5 000 000 теңге үшінші тұлғалардың шоттарына аударылғанын көрген", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта полиция жедел және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полиция азаматтарды тағы да қырағы болуға шақырды.