Ақмола облысындағы ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды

0
114

Тағы үшеуі жарақат алды.


Ақмола облысындағы ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Степногор қаласындағы жылу электр орталығында монтаж жұмыстары кезінде бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп жазады inbusiness.kz.

Трагедия екінші қазандықтағы монтаждау жұмыстары кезінде болған.

"Степногор қаласы жылу электр орталығы аумағында монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы көз жұмып, үшеуі жарақат алды, жазатайым оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.