Ақмола облысындағы шахтаны заңсыз қазған екі адам қаза тапты

0
137

Марқұмдардың бірі — 38 жаста, ал екіншісі — 21 жаста болған.


Ақмола облысындағы шахтаны заңсыз қазған екі адам қаза тапты

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып қойды, деп жазады inform.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі — 38 жаста, ал екіншісі — 21 жаста болған.
— Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды, — деп хабарлады ведомство.

Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бейресми дереккөздерге сүйенсек, марқұмдар компания қызметкерлері емес.