Ақмола облысындағы шахтада тағы да қайғылы оқиға: жұмысшының мәйіті табылды

0
91

​Қылмыстық іс қозғалды.


Ақмола облысындағы шахтада тағы да қайғылы оқиға: жұмысшының мәйіті табылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Ақсу кенішінің аумағында жұмысшының мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полициядағылар істің суицид фактісі бойынша тіркелгенін нақтылады.

«Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінде.

Өңірлік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға туралы хабар 2026 жылғы 24 наурызда «АК Алтыналмас» АҚ өкілінен түскен.

Ведомство бұл дерек бойынша арнайы тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

«Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті арнайы тергеу тағайындап, оны өткізеді», – деді инспекция.

Айта кетейік, бұл өңірдегі соңғы уақытта тіркелген үшінші осындай жағдай. Бұған дейін шахтада заңсыз кен іздеумен айналысқан үш адам шахта опырылып, астында қалып, оның біреуі көз жұмған, екеуі ауруханаға жеткізілген. Тағы бір оқиға Бестөбе кентінде болған: онда да шахтадан ер адамның мәйіті табылған болатын.