Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
фото: AFP 2024 / PATRICK PLEUL
ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі баланы найзағай соқты, деп жазады sputnik.kz.
"Біржан сал аудандық полиция бөлімі 2015 жылы туған баланың өлімі және 2010 жылы туған тағы бір баланың жарақат алуы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Болжам бойынша балалар 20 тамызда Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында найзағай соғуы салдарынан жарақат алған.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті.
Қазір полицейлер толық ақпарат жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.