Ақмола облысында әкесі мен ұлына найзағай түсіп, көз жұмды

0
131

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.


Ақмола облысында әкесі мен ұлына найзағай түсіп, көз жұмды

Фото: pexel

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға кеше, 1 маусым күні Ақмола облысының Зеренді ауданында болды, деп жазады inbusiness.kz.

Анықталғандай, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы ұлы мал бағып жүрген кезде найзағай түскен. Найзағайдың жарқылы екеуін де ажал құштырды.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Зеренді ауданы тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – деп атап өтті ведомстводан.