Әйелдер ақпараттық технологиялар саласына жоғары қызығушылық танытып жатыр

0
120

Қазақстан жедел цифрлану жолына түсті. Мемлекеттің стратегиясы және Президент қойған мақсаттарға сай, біздің ел үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы керек.


Әйелдер ақпараттық технологиялар саласына жоғары қызығушылық танытып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл мақсатқа жету үшін әйелдердің де жаңа білім экономикасына кеңінен қосылғаны маңызды. Егер әйелдер цифрлық экономикада, жасанды интеллектіні қолданып, табыс табуды үйренсе, олар отбасын көбірек қолдай алады, балаларының біліміне көбірек инвестиция жасай алады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, әйелдер қазірдің өзінде ақапараттық технологиялар саласына көптеп келіп жатыр.

«Телекомда – 46%, ақпараттық қауіпсіздікте – 30%. Зерттеушілердің 55%-ы – әйелдер. Әйелдер құрған стартаптар 23%-ға жетті. Бұл – елдің үлкен адам капиталы. Оны жоғалтпай, керісінше дамыта беруіміз керек», – деді спикер.

2025 жыл AqylTech пен IT-Aiel бағдарламалары үшін серпіліс жылы болды. Ел бойынша 10 000-нан аса адам онлайн және офлайн оқыды.

Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, TECHNOWOMEN және Astana Hub технопаркінің қолдауымен іске асырылды