Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

0
87

Аида Балаева бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі болды.


Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Ақорда

Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын.

"Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды", – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.