Адал жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау шаралары қабылданды

0
100

Президенттің ауылдық аумақтардың тұрақтылығын, инвестиция тартуды және дамуын қамтамасыз ететін фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылды.


Адал жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау шаралары қабылданды
ERNUR.KZ. Сондай-ақ «Жер пайдалану құқығын реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына» маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Мәселен, қатысушылардың функционалы нақтыланды; міндетті және қосымша өлшем шарттарға негізделген адалдықты бағалау жүйесі енгізілді; ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты мерзімдері белгіленді.

Мұрат Теміржановтың айтуынша, бұл шаралар арқылы комиссиялардың жұмысы едәуір жеделдетіп, оңайлатылды, сонымен қатар адал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік берді.

«2025 жылы Мәжілісте «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс басталып, жалғасуда. Бұл құжат жер пайдаланушылардың жауапкершілігін арттырып, уәкілетті органдардың құзыретін кеңейтуді көздейді. Ол топырақтың тозуына жол бермеуге құқықтық негіз болады. Бұдан бөлек, Комитетке қарасты ұйымдардың өзара әрекеттесу алгоритмі де бекітілді. Бұл жер заңнамасы бұзылған жағдайда жедел шара қабылдауға және қажет болған жағдайда жер де қайтарып алуға мүмкіндік береді», – деді спикер.

Бұған қоса, Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасы құрылады. Бұл платформа жер кадастры, жер зерттеулері және ғарыштық мониторинг деректерін біріктіреді. Оның негізі – топырақ, геоботаника және агрохимиялық зерттеулер болады.

Өткен жылы 6,6 млн га жерде топырақ зерттеу, 7,5 млн гектарда геоботаникалық зерттеу, сонымен қатар 5 млн гектарда бонитерлеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» (ГИПРОЗЕМ) РМК қайта ұйымдастырылып, оған «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ қосылды. Топырақтанушыларды, геоботаниктерді және агрохимик мамандарын біріктіретін бірыңғай топырақ кластерлік қызмет құрылуда.