Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

0
139

Қайғылы апат Cемейде 29 шілдеде таңертең Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында болған.


Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Фото: caravan.kz

ERNUR.KZ. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі айналма жолға қарай келе жатқанда Toyota Highlander маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz.

Hyundai көлігін Абай облысы полиция департаментінің екінші бөлімінің бастығы, 1983 жылы туған полиция подполковнигі Дамир Тұражанов тізгіндеген. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Ал, жасы 30-35 шамасындағы жолаушы жедел жәрдем көлігімен Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға ес-түссіз жеткізілген. Toyota Highlander жүргізушісі апаттан зардап шекпеген.