Жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Фото: Дарья Аверченко/ Kazinform
ERNUR.KZ. Абай облысында тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды, деп жазады inform.kz.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
- Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген Абай облысы прокуратурасы хабарламасында.