600 мың теңгелік торт: Кондитер ақшаны төлемей қойған блогерді сотқа берді

0
226

Threads желісінде адвокат блогермен соттасатындарын айтты.


600 мың теңгелік торт: Кондитер ақшаны төлемей қойған блогерді сотқа берді

Фото: Threads @arzhan.saduaqas
ERNUR.KZ. 600 мың теңгелік торт дайындап, оның ақшасын ала алмай қалған кондитер Нұршат Ақбергенова сотта өз мүддесін қорғау үшін адвокат жалдады, деп жазады Stan.kz

Threads желісінде адвокат блогермен соттасатындарын айтты.

"Біздің заңгерлік топ сотта Нұршаттың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, заңда қарастырылған барлық шараны қолданады. Фактіні бұрмалап, қоғамды жаңылыстыруға бағытталған әрекеттерге құқықтық баға беріледі", – деп жазды адвокат Аржан Сәдуақас.