2026 жылы Қазақстанға электромобильдер әкелуге жеңілдік берілмейді

0
142


2026 жылы Қазақстанға электромобильдер әкелуге жеңілдік берілмейді

Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ елдері 2026 жылы электромобильдерді әкелуге жеңілдіктер беруге келісті. Алайда Қазақстан жеңілдік алушылар тізімінде жоқ, деп жазады Stan.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, Үкіметаралық кеңес тек Әзірбайжан, Беларусь және Қырғызстанға тарифтік жеңілдік берген.

Беларусь еліне 20 мың электромобильді кедендік алымсыз әкелуге рұқсат берілді. Әзірбайжан мен Қырғызстанға әрқайсысына 15 мың электрокар мен гибридті автомобильге лимит белгіленді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда министрі Андрей Слепнев кедендік-тарифтік реттеу шарасы өткен жылдары оң нәтиже көрсеткенін атап өтті. Айтуынша, олар оның әрі қарай электромобиль нарығын қалыптастыруға, зарядтау инфрақұрылымын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одақ территориясында экологиялық таза көліктің үлесін арттыруға ықпал ететініне үмітті.

Айта кету керек, жеңілдікті тек осы үш елдегі тұрылықты азаматтарға ғана қолдана алады. Мұндай көліктерді Қазақстан мен Ресей азаматтарына беруге тыйым салынған. Гибридті көліктерге Армения мен Қырғызстанда қосымша шектеу бар. Яғни, көліктерді Беларусь азаматтарына және тұрақты тұрғындарына беруге болмайды.

Осылайша, 2026 жылы Қазақстан электромобильдерге кедендік жеңілдік ала алмай қалды.