2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Қазақстанда мектеп жасындағы балаларға профилактикалық стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде 124 стоматологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылы еліміздің 17 өңірінде 124 стоматологиялық кабинет пайдалануға берілді. 2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда.
Профилактика кабинеттерінде оқушылар жеке тәсілмен кешенді стоматологиялық көмек алады. Оған мыналар кіреді:
- стоматологиялық аурулардың ерте диагностикасы;
- тіс дәрігеріне уақтылы емделуге жолдама;
- ауыз қуысының гигиенасы ережелеріне үйрету;
- балалармен, педагогтармен және ата-аналармен санитариялық-ағарту жұмыстары.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалар мен олардың ата-аналарында ауыз қуысына күтім жасаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы гигиеналық бұрыштар құрылады.
2025 жылы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ Қазақстан) қолдауымен стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша 2700-ден астам мейіргер оқытудан өтті.
«Болашаққа сау тіспен» бағдарламасын іске асыру жас кезінен бастап дұрыс гигиеналық әдеттерді қалыптастыруға және стоматологиялық ауруларды ерте анықтауға – тісжегінің таралуы мен оның асқынуларының төмендеуінің негізгі факторына бағытталған және балалардың жалпы денсаулығын сақтауға ықпал етеді.


