20 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады

0
192

Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр жауады.


20 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады

Фото: © freepik.com

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр, ал солтүстік пен шығыста — жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да аздаған жауын-шашын болжанады.

Ал елдің қалған өңірлерінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде тұман түседі.

Түнде Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының таулы аймақтарында үсік жүреді.

Солтүстікте ауа температурасы нөлден төмен түсіп, -2°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

«Қазгидромет» дерегінше, 20 қазанда бірқатар облыста өрт қаупі жоғары болады:

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Кызылорда, Алматы, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында жоғары өрт қаупі болжанды; Ал Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында – өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.