​Балаға ересек адамның киімін кигізуге болмай ма?

0
265

Балаңызға ересек адамға арналған киімді (әкесінің, анасының киімін) кигізбеңіз.


​Балаға ересек адамның киімін кигізуге болмай ма?

фото: br.pinterest.com

«Балаға үлкен адамның киімін кигізбе» деген тыйымды бұрын естіп пе едіңіз?

Қазір бұған аса мән беретін адам да аз шығар. Бір жағынан, бұрынғыдай тапшылық кезең болмағандықтан, бала баланың киімін, ересек ересек адамның киімін киіп, бұл ырым-тыйымды қолдануға да мүмкіндік қалмағандай. Өзіміз аға-әпкелерімізден қалған киімді киіп өскен ұрпақ болғандықтан, бала күнімде де мұндай ырымның бар екендігін білмеген екенмін. Бәлкім, аға-әпкелерінің қысқарып қалған киімдері кейінгі бауырларына шақ болғандықтан, киіп өскен болар.

Бұл жерде баланың өзіне екі есе үлкен болып тұратын киімдерді кигізбеу туралы мәселе шығар.

Өйткені, жас бала мен ересек адамның энергетикасында айырмашылық бар. Бала таза, пәк деп есептейтін халықпыз ғой, бәлкім, баланың энергетикалық әлсіздігі мен үлкен адамның өмірлік жүгі арасында байланыс бар деп сенгендігіне байланысты осындай ырым-тыйымдар қолданысқа енген шығар.

Үлкен адамның киімінде оның аурасы, тіршілігінің ізі болады, ал оны кию балаға ауырлық, салмақ әкеледі деп есептелген. Сонымен қатар, бұл баланың киімін бөлек ұстап, тазалыққа мән беру дәстүрін де көрсетеді.

Шынында да баланың киімі мен ересек адамның киімін жуғанда да бір-біріне қоспай, бөлек жуып, бөлек жинау қалыптасып қалған әдетіміз десек те, бұл әу бастан ата-бабамыздың ұстанған дәстүрлерінің бірі деуге бде болатын шығар.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ер адамның киімін аяқасты етпеудің мәні неде?


БЕРГЕК деген не?