Сәуір айының басынан қазан айының соңына дейін елде аю шабуылынан 184 адам жараланып, 12 адам қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Жапонияда соңғы 10 жылда аю шабуылдарынан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті, деп жазады baq.kz.
Жапонияның Қоршаған орта министрлігі 2025 жылдың қазан айында аю шабуылынан 88 адамға зардап шегіп, 7 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл соңғы он жылдағы бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ал сәуірден қазанға дейін 184 адам зардап шегіп, 12 өлім тіркелген.
Ең көп оқиға Акита, Иватэ және Фукусима префектураларында тіркелген. Қарашада да кемінде 27 адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан.
Сәуір айының басынан қазан айының соңына дейін елде аю шабуылынан 184 адам жараланып, 12 адам қайтыс болған. Оқиғалар 47 префектураның 21-інде тіркелген. Ең көп зардап шеккендер Акита префектурасында - 56 адам. Одан кейін Иватэ - 34, Фукусима - 20, Нагано - 15 және Ниигата - 13 адам.
Салыстырмалы түрде, 2023 жылдың қазанында аю шабуылынан 73 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапқан. 2023 жылы бойынша жалпы 219 адам жараланған, олардың алтауы көз жұмған.
Ал өткен жылдың қарашасында аюлар 30 адамды жаралаған, қаза болғандар болмаған.
NHK мәліметінше, 2025 жылдың биылғы қараша айында да кемінде 27 адам аю шабуылына ұшырап, бір адам қайтыс болды.
Министрлік аюлар жиі кездесетін аймақтарда сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп келеді.


