Ыстықкөлде ТМД және ШЫҰ елдерінің халықаралық спорт ойындары басталды

0
110

Алғашқы ойындарға небәрі 80 спортшы қатысса, бүгінгі жарысқа 3 мыңнан астам спортшы келеді.


Ыстықкөлде ТМД және ШЫҰ елдерінің халықаралық спорт ойындары басталды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Ыстықкөл жағасында "Азия – достық пен бейбітшілік аймағы" ұранымен ТМД және ШЫҰ елдерінің XXIV халықаралық спорт ойындары басталды, деп жазады sputnik.kz.
"Бұл жарыстар 2001 жылы басталды. Ол кезде оған небәрі 80 спортшы қатысты. Бүгінде жарысқа 3 мыңнан астам спортшы келеді", - делінген хабарламада.
Ойындар Орталық Азиядағы ең ірі тұрақты спорттық шараға айналды, деп хабарлады Атқару комитеті.
Ойындар бағдарламасына армреслинг, стритбол, волейбол, кір көтеру, дартс, жеңіл атлетика, мини-футбол, мас-рестлинг, үстел теннисі, арқан тартыс, жүзу, жағажай футболы, жағажай волейболы, жағажай регбиі, жағажай самбосы, жағажай күресі, ерлер мен әйелдер арасындағы жеңіл атлетика кірді.
Сонымен қатар дәстүрлі спорт түрлерінен арқан тарту, салмағы 100 келі болатын тас көтеру, қырғыз күресі, сумо күресі, Алыш белбеу күресі, "Ссерім" күресі бар.
Бұл жарыстарға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Беларусь елдерінен спорт сүйер қауым қатысып жатыр. Қытай, Үндістан, Моңғолия спортшылары да тұрақты қатысушыларға айналды.