Вашингтонда Израиль елшілігінің қос қызметкері оққа ұшты

0
169

Бірер сағат бұрын АҚШ астанасында Израиль елшілігінің 2 қызметкері оққа ұшты.


Вашингтонда Израиль елшілігінің қос қызметкері оққа ұшты

Фото: Jonathan Ernst/Reuters

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға Вашингтондағы Еврей музейінің кіре берісінде кешкі сағат 21-00 шамасында болған, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін түнде Вашингтондағы Еврей мұражайының жанында Израиль елшілігінің екі қызметкері мәнсіз түрде өлтірілді", - деді Ұлттық қауіпсіздік қызметінің хатшысы Кристи Ноем X арнасындағы жазбасында.

Чикаго қаласының Елиас Родригес есімді 30 жастағы тұрғыны музей алдында біраз уақыт торуылдап, Израиль азаматтары ғимарат есігінен шыға бергенде оларға оқ жаудырған. Әзірге, қылмыстың себептері ашық жарияланбады. Оқиға орнында федералды тергеу бюросы мен Вашингтонның қалалық полициясы жұмыс істеп жатыр.

"Қазір синагогалар мен еврей қауымдастығына қарасты ұйымдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді", – деді қала мэрі.

- Мен Президент Дональд Трамппен осы кеште бірнеше рет телефон арқылы сөйлестім. Ол қайғыларыңызға ортақ екенін жеткізді. Мемлекеттік, жергілікті және федералды құзырлы органдар, білікті прокурор Джанин Пиро мәселені толықтай бақылауына алады. Барша азаматтарымыздың амандығы үшін, әсіресе бүгін түнде еврей қауымының қауіпсіздігі үшін қолдан келгенін жасаймыз. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, заңның барлық талаптары бойынша жауапқа тартылады, - деп мәлімдеді АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди.