Құтқару операциясы жүріп жатыр, жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.
Фото: eadaily.com
ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 6 адам мерт болды, ішінде екі әйел бар. Тағы бінеше адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған. Жарылыс салдарынан Вирудунагар округінде фабрика маңындағы ауылда ірі өрт болған. Мерт болған 6 адамның денесі табылып, қалған жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Құтқару операциясы жүріп жатыр, жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.