Атысты тоқтату режимі Джамму аймағының үш негізгі секторында да бұзылды.
Фото: Freepik
ERNUR.KZ. Кеше түнде Пәкістан әскері Джамму мен Кашмирдегі Паргавал секторындағы Үндістанмен шекарада оқ жаудырды, деп жазады inform.kz.
Атысты тоқтату режимі Джамму аймағының үш негізгі секторында да бұзылды.
Үндістан әскері бақылау сызығында алтыншы түн қатарынан себепсіз атыс болғанын хабарлады.
- Армия өкілдерінің айтуынша, әскер барлық учаскелерде тиімді жауап берді, деп жазды Үндістан БАҚ.
Премьер-министр Нарендра Моди сейсенбіде кеңес өткізді, оған елдің Қорғаныс министрі Раджнат Сингх, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Аджит Довал және қарулы күштердің барлық үш түрінің басшылары қатысты.
Еске сала кетсек, 22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала – Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.
Кеше Үндістан мен Пәкістан шекарасында тағы да атыс болды.
Лаңкестік әрекеттен кейін Үндістан Исламабадтағы елшілігіндегі адамдар санын екі есеге дерлік қысқартты, Пәкістан дипломатиялық миссиясының әскери кеңесшілерін персона нон грата деп жариялады және шекарадағы маңызды «Аттари» бақылау бекетін жапты. Үндістан билігі сондай-ақ Исламабадпен су ресурстарын бөлісу туралы келісімді және Пәкістан азаматтарына виза беруді тоқтатты.