Украина дрондары Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалын зақымдады

0
136

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл жағдайды "Қазақстанның да инфрақұрылымына жасалған шабуыл" деп атап өткен.


Украина дрондары Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалын зақымдады

фото: Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)

ERNUR.KZ. 25 қарашаға қараған түні дрондар соққысы Оңтүстік Озереевкадағы терминалдың әкімшілік ғимаратын зақымдады. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлер эвакуацияланды, жүк операциялары тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.
Краснодар өлкесінің губернаторы бұл шабуылды соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады.
Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына бірнеше рет шабуыл жасады. Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл "Қазақстанның да инфрақұрылымына жасалған шабуыл" деп мәлімдеген.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Каспий құбыр консорциумы мен Орынбор газ өңдеу зауытының инфрақұрылымына дронмен жасалған шабуылдарға алаңдаушылығын Украинаға жеткізіп отырғанын айтқан еді.