Екі ел де бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірмеді.
Фото: АА
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарлауынша, Үндістан мен Пәкістан «бірден және толық атысты тоқтату» жөнінде келісімге келді, деп жазады kaz.inform.kz.
“ АҚШ-тың делдалдығымен өткен ұзақ келіссөз түнінен кейін мен Үндістан мен Пәкістанның атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келіскенін қуана хабарлаймын “, — деп жазды Трамп TruthSocial әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Алайда, келісімнің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ. Екі ел де бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірмеді.