​Рязань маңындағы зауытта үйінді астында қалған 11 адам қаза тапты

0
107

Апаттан 11 адам қаза тауып, тағы 130 адам жарақат алған.


​Рязань маңындағы зауытта үйінді астында қалған 11 адам қаза тапты

Фото: Ресей Федерациясының ТЖМ

ERNUR.KZ. 18 тамызда Рязань облысының Шиловский ауданындағы кәсіпорында болған қайғылы оқиғаға байланысты аталған аймақта қаралы күн жарияланды. Бұл туралы губернатор Павел Мальков хабарлады, деп жазды inform.kz.

Апаттан 11 адам қаза тауып, тағы 130 адам жарақат алған.

– Шиловский ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты Рязань облысында 18 тамыз қаралы күн болып жарияланды, - деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.
Оның айтуынша, бұл күні облыстың барлық аумағында тулар түсіріледі. Мәдениет мекемелеріне, телерадио компаниялар мен ұйымдарға ойын-сауық шараларын тоқтату ұсынылды.
– Қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деді аймақ басшысы.
Ол сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге билік тарапынан көмек көрсетілетінін қоса айтты.