Жарылыстың салдарынан 21 адам зардап шеккен, барлығы ауруханаға жеткізілген.
фото: tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Римде жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп жазады tengrinews.kz.
Хабарламаға сәйкес, оқиға Пренестино ауданындағы via dei Gordiani көшесіндегі жанармай бекетінде болған. Жарылыс көптеген ауданда естілген.
"Оқиға таңғы сағат 8-ден кейін болды. Жарылыс жанармай құю станциясын толтырып жатқан цистернаның сорғысы ажырап кеткеннен кейін болған. Бірнеше көлік өртеніп кетті. Жарылыс болған газ құю станциясы мен қойма мектептің қасында орналасқан", – делінген хабарламада.
Жарылыстан кейін қою түтін көкке көтерілген.
ANSA агенттігі мәліметінше, жарылыстың салдарынан 21 адам зардап шеккен, барлығы ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Жарылыс газ құбырының зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін деген болжам бар. Қала тұрғындары оқиғадан бұрын газдың қатты иісін байқаған.