Ресейде оқушы мектепке қару әкеліп, 2 жасөспірімге оқ атты

0
142

9-сынып оқушысы күдікке ілінді.


Ресейде оқушы мектепке қару әкеліп, 2 жасөспірімге оқ атты

Фото: РИА Новости / Алексей Сухоруков

ERNUR.KZ. Ресейдің Краснодар аймағында мектепте болған атысқа байланысты тексеріс басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Краснодар өлкесінің қадағалау органы таратқан мәліметке сәйкес, М.И. Коротков атындағы №1 мектепте болған атыс фактісі бойынша тексеру басталды. Оқиға салдарынан кәмелетке толмағандар зардап шеккен.

Аудан прокуратурасы терроризмге қарсы заң талаптарының сақталуын да тексеріп жатқаны белгілі болды. Оның нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Бұған дейін Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев 9-сынып оқушысы мектепке пневматикалық тапанша әкеліп, екі оқушыны жаралағанын хабарлаған болатын. Бүгінгі таңда зардап шеккендер ауруханада жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер оқушылардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Күдікті ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.