Таспаны жұлған сәтте ол мас болған.
ERNUR.KZ. Ресейде георгий таспасын жұлған Өзбекстан азаматы ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ulysmedia.kz.
Upl.uz басылымының жазуынша, оқиға Ярославль қаласында болған. 32 жастағы Өзбекстан азаматы туда ілулі тұрған георгий таспасын жұлғаны үшін қамауға алынған. Таспаны жұлған сәтте ол мас болған.
Оның үстінен «нацизмді ақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер кінәсі дәлелденетін болса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
КОНТЕКСТ
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Ресей Украинаға басып кіргелі Орталық Азия елдерінің он мыңнан астам азаматы соғысқа кеткен. Бастапқыда әскери тәжірибесі бар адамдар іріктелген. Бірақ кейінгі жылдары соғысқа тарту тәсілі өзгерген.
Соғысқа тартушылардың рөлін іс жүзінде ішкі істер министрлігі мен федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері атқаруда. Олар көп жағдайда базарларда, жатақханаларда, мешіттерде және көшелерде жүргізілген рейдтерден кейін, еңбек мигранттарына түрме немесе депортация қаупі төніп тұрғанын айтып, қорқытып, оған балама ретінде Ресей қарулы күштерімен келісімшартқа қол қоюды ұсынады.


