Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін

0
114


Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры тоғыз айда таусылуы мүмкін. Мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады, деп жазады zakon.kz.

Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы.

Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылуда. Өйткені маман жетпейді. Үкімет енді почта қызметкерлеріне де дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарауда.

Алдымен олар 72 сағат оқуы тиіс. Бұл жаңалықтан соң фармацевт саны 20 мыңға азайып, дәрі тағы қымбаттады.

"Бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз болып кетті. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберді."Виктория Преснякова, Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры