Сонымен қатар депутат Киев режимінің басшысын құлатуға шақырды.
фото: Sputnik / Стрингер
ERNUR.KZ. Украинадағы қақтығыс Владимир Зеленскийдің кесірінен басталды. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Артем Дмитрук әлеуметтік желіде жазды, деп жазады sputnik.kz.
"Барлығы бейбітшілік туралы айтады, бірақ соғыстың нақты себебін – Зеленский деп айтатындар аз. Ол билікте болған кезде Украинада көп қан төгілді", — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар депутат Киев режимінің басшысын құлатуға шақырды.
"Себебін жойсаңдар — тыныштыққа жол ашасыңдар. Көтеріліс емес, ол атысты тоқтату, өтпелі кезең, заң үстемдігі, өмір сүру", — деп жазды Дмитрук.


