Перуде коменданттық сағат енгізілді

0
117

La Poderosa компаниясы 26 сәуір күні жұмысшыларын қылмыстық топтармен байланысы бар заңсыз шахтерлер ұрлап кеткенін мәлімдеді. Жеті күннен кейін олардың денесі табылды.


Перуде коменданттық сағат енгізілді

ERNUR.KZ. Перу үкіметі Патас провинциясында түнгі коменданттық сағат енгізді. Бұл шешім 13 шахтердің ұрланып, өлтірілуінен кейін қабылданды, деп жазады baq.kz.

Президент Дина Болуарте Ла-Подероса алтын кенішіндегі жағдайға байланысты бір айға дейін кен өндіруді тоқтатуға бұйрық берді. Кен орнына қосымша полиция мен әскер жіберіледі.

La Poderosa компаниясы 26 сәуір күні жұмысшыларын қылмыстық топтармен байланысы бар заңсыз шахтерлер ұрлап кеткенін мәлімдеді. Жеті күннен кейін олардың денесі табылды. Сот-медициналық сараптама олардың жақын қашықтықтан атып өлтірілгенін көрсетті.

Компания мәліметінше, 2024 жылдың ақпанынан бастап Патас аймағында төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, қылмыстық топтар тарапынан 39 адам өлтірілген.

Аймақта заңды және заңсыз шахтерлер арасындағы қақтығыс ушығып тұр. Прокурор Луис Брингастың айтуынша, бұл – "кен орындары үшін соғыс".