Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шықты

0
83

France24 мәліметінше, ер адам метрода үш әйелді жарақаттаған. Олардың біреуі жүкті болған.


Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шықты

ERNUR.KZ. 26 желтоқсанда Париждегі метрода үш әйелге пышақпен шабуыл жасаған Мали тумасы қамаудан босатылып, психиатриялық емдеуге жіберілді, деп жазады Zakon.kz.


France24 мәліметінше, ер адам метрода үш әйелді жарақаттаған. Олардың біреуі жүкті болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Құқық қорғау органдары күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, Париж маңындағы Сарсель қаласында (Валь-д’Уаз департаменті) ұстаған.

25 жастағы ер адам бұған дейін де құқық қорғау органдарына ұсақ ұрлықтар мен есірткілік мас күйде мүлікті бүлдіру фактілері бойынша белгілі болған. Оған Франция аумағынан кету жөнінде ресми нұсқама да берілген екен.