Париждегі мешіттердің алдына шошқаның басын тастап кеткен

0
96

Жергілікті БАҚ-қа Нормандиядан бір фермер хабарласып, сербиялық нөмірлі көлікпен келген екі ер адамға шамамен 10 шошқаның басын сатқанын айтты.


Париждегі мешіттердің алдына шошқаның басын тастап кеткен

Фото: Getty Images

ERNUR.KZ. Дүйсенбі күні кешке Париждегі мешіттердің алдына шошқаның бастарын тастап кетекен. Франция полициясы құқық бұзушыларды шетелдік арнайы қызметтердің, мүмкін ресейліктердің бұйрығымен әрекет етті деп күдіктеніп отыр, деп жазады stan.kz.

Доңыздың бастары Париж орталығындағы және оған жақын маңдағы тоғыз мешіттің жанынан табылған. Бұл жағдай адамдар арасында дау-жанжалға себеп болды.

“Бұл іске қатысы бар екі адам Сербияда тіркелген көлікті пайдаланған, хорват нөмірі бар мобильді телефон қолдан және бірнеше сағаттан кейін Бельгия шекарасынан өтіп кеткен”, – дейді тергеушілер.

Бұл оқиға соңғы кездері болған бірқатар арандатушылықтарға қатты ұқсайды. Мысалы, 2023 жылы қазанда Париждегі бірнеше ғимарат қабырғаларында Давид жұлдыздары салынса, 2024 жылдың мамырында Холокост ескерткішінде қызыл алақан іздерінің суреттері пайда болған еді.

Алғашқы жағдайда полиция Молдова азаматтарының қатысы бар екенін анықтаса, екінші эпизод бойынша төрт Болгария азаматы қазан айында сотқа тартылмақ.

Холокост мемориалына қатысты істә жүргізіп жатқан прокурордың айтуынша, бұл “Францияны дестабилизациялауға бағытталған, Ресейдің барлау қызметі ұйымдастырған әрекет” болуы мүмкін. Францияның барлау органдары Ресей мен Иранды “лас айлалармен” ел ішінде алауыздық тудыра алатын мемлекеттер деп санайды.

“Жергілікті БАҚ-қа Нормандиядан бір фермер хабарласып, сербиялық нөмірлі көлікпен келген екі ер адамға шамамен 10 шошқаның басын сатқанын айтты. Сол көлік дүйсенбі кешке Париждің шығысындағы Оберкампф ауданында бейнабақылау камерасына түсіп қалған, кейін бірнеше мешіттің маңынан да байқалған. Хорват нөмірлі мобильді телефон сигналы арқылы бұл көліктің сейсенбі күні таңертең ерте Бельгия шекарасынан өткен”, – дейді полиция өкілдері.

BFMTV жаңалықтар арнасына түскен видеода ақ футболка, кепка және медициналық бетперде таққан ер адам Малакоффтың оңтүстік-батыс шетіндегі мешіттің алдына шошқа басын қойып жатқан сәті көрінеді. Мешіттен кетпес бұрын ол суретке түскен. Ал иғында сөмкесі болған.

Дәл сол уақытта тағы бір адам шығыс шетіндегі Монтрей маңындағы мешітте де осындай әрекет жасаған.