Құтқарушылар аман қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Пәкістанда бес қабатты ғимарат опырылып құлап, кем дегенде сегіз адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды. Құтқарушылар зардап шеккен басқа тұрғындарды табу үшін үйінділерді аршып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
NDTV агенттігінің мәліметінше оқиға 4 шілдеде таңғы сағат 10:00 шамасында Карачидегі кедей Льяри ауданында болды, бұл ауданда бір кездері қарақшылық пен зорлық-зомбылық өршіп, Пәкістанның ең қауіпті аймақтарының бірі саналған.
Аға полиция офицері Ариф Азиз агенттікке ғимаратта 100-ге жуық адам тұрғанын айтты.
«Синд провинциясының денсаулық сақтау департаменті жұма күні кешке қаза тапқандар саны сегізге жетіп, тоғызы жараланғанын хабарлады», - деп жазды агенттік.
Тірі қалғандарды іздеу түні бойы жалғасты. Құтқарушылар келгенше дейін жергілікті тұрғындар көршілерін құтқаруға тырысқан.