Оқ-дәрі цехіндегі жарылыс: Ресей аумағында 18 тамыз аза тұту күні болып жарияланды (видео)

0
106

Аумақ губернаторы Павел Малконың айтуынша, жойқын жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 135 адам жарақат алған.


Оқ-дәрі цехіндегі жарылыс: Ресей аумағында 18 тамыз аза тұту күні болып жарияланды (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ресейдің Рязань облысында 15 тамыз күні “Эластик” әскери зауытының цехында жарылыс болып, салдарынан адамдар қаза тапты. Осыған байланысты 18 тамыз облыста аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады stan.kz.

Аумақ губернаторы Павел Малконың айтуынша, жойқын жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 135 адам жарақат алған. Рязань облысындағы әскери зауыттың оқ-дәрі цехында жарылыс болып, кейін қатты өрт шыққан. Құтқарушылар қираған ғимараттың қалдықтарын әлі күнге дейін реттеп жатыр.

Цех ғимараты толығымен қираған. “РИА Новости” басылымы жазғандай, алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдайға қауіпсіздік техникасының бұзылуы себепр болған.

Өрт шығу бойынша қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.