Фото: Raquel Cunha/Reuters
ERNUR.KZ. Мексика үкіметі Google корпорациясын АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін Google Maps қолданбасында Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы деп өзгерткені үшін сотқа берді. Бұл туралы ел президенті Клаудия Шейнбаум мәлімдеді, деп жазады kaz.inform.kz.
“ Сотқа талап арыз бердік, арыз әлі қаралу кезеңінде “, - деді ол.
25 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шығанағын Америкаға, ал Аляскадағы Денали шыңын МакКинлиге ауыстыруға бұйрық берген еді. Бұл Солтүстік Америкадағы ең биік нүкте және бастапқыда 1901 жылы қастандықпен өлтірілген президент Уильям МакКинлидің құрметіне аталған. Бірақ 2015 жылы Барак Обама МакКинлиді Американың жергілікті тұрғындары қолданатын Денали атауына ауыстырды. Бұл Аляскада тұратын халықтың өтінішімен және екі негізгі партия өкілдерінің қолдауымен болды.
“ Бізді алаңдататын жалғыз нәрсе - АҚШ үкіметінің Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы атауына өзгерту туралы бұйрығының орындалуын қамтамасыз ету. Жарлықта тек АҚШ-тың континенттік қайраңына жататын бөлігі ғана айтылады, өйткені үкіметтің бүкіл шығанағының атын өзгертуге құқығы жоқ “, - дейді Шейнбаум.
Мексика президенті егер штаттың, таудың немесе көлдің атын өзгертуге қарсылық болмаса, олар өз аумақтарын қалағандай атай алатынын атап өтті.
“ Бірақ Мексикаға қатысты бөлігін өзгерту мүмкін емес “, - деді ол