Мал шаруашылығын дамытуға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

0
191


Мал шаруашылығын дамытуға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

© Photo : министерство сельского хозяйства Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған "Игілік" бағдарламасы басталады, деп жазады Primeminister.kz.

Биыл 1 тамызда мал шаруашылығында 5 процентпен жеңілдетілген кредиттер бағдарламасы қолға алынған болатын. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, жақын арада жоғары өнімді асыл тұқымды мал сатып алуға арналған "Игілік" бағдарламасы басталады.
"Бұл мал басының өсуін және генетиканың сапалы жаңаруын қамтамасыз етіп, саланың өнімділігіне оң әсерін тигізеді", - дейді ол.
Үкімет ауыл шаруашылығын экономиканың өсу драйверіне айналдыруға мүдделі. Бүгінде осы саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 3,9 процентті құрайды. Дегенмен тасымалдау, қоймалау, қайта өңдеу және азық-түлік өндірісінің артуы есебінен жиынтық мультипликативті әсері әлдеқайда жоғары.
Министрлер кабинеті жастарды ауылға тарту және ветеринар мамандығын жан-жақты қолдау бағытында да жұмыс істеп жатыр.