Мобильді платформа ресми түрде іске қосылды.
Фото: chudo.tech
ERNUR.KZ. Енді бұл қосымша арқылы үй шаруасына көмектесетін және бала күтіміне арналған роботтарды жалға алуға болады, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа сервис құрылғыларды сатып алмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қолданушылар оларды күнделікті тұрмыста қаншалықты тиімді екенін бағалай алады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа қызметке сұраныс жоғары болмақ. Келер жылы бұл нарықтың көлемі 10 миллиард юаньнан асуы мүмкін.
Компанияның бас директоры Ли Иянның сөзінше, роботтарды жалға алу нарығының мүмкіндігі өте зор. Себебі мұндай құрылғылар әлі де қымбат. Оны көп адам бірден сатып ала алмайды. Сондықтан біз адамдарға роботты сатып алмай-ақ, уақытша пайдалану арқылы оның мүмкіндігін көруге жағдай жасап отырмыз.


