Бұл туралы Аl Jazeera телеарнасы хабарлады.
Фото: amu.tv
ERNUR.KZ. Әуе соққысынан жергілікті бейбіт тұрғындар зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.
Телеарнаның мәліметінше, Израиль Әл-Магази гуманитарлық аймағындағы босқындардың шатырлы лагерін атқыланған. Сектордың орталық аудандарында тұратын бейбіт тұрғындар құрбан болды.
Министрлік өкілі Ашраф Аль-Кудра осы ауданда тұратын адамдар санын ескере отырып, қаза болғандар саны өсуі мүмкін деп болжады.
Қазір Газа секторында нәрестелер жейтін тамақ қалмаған. Шала туған балаларға қажетті арнайы қоспалар да таусылған. Насер ауруханасында осындай 500-ден астам сәби бар. Аймақтағы гуманитарлық дағдарыс жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Кейінгі апталарда аймаққа тек 20 жәшік балалар тағамы жеткізілді.
Сондай-ақ, күні кеше аталған анклавта сүт қоспасының жоқтығынан жаңа туған 2 нәресте аштықтан көз жұмды.