Израильді "Евровидение" байқауынан шеттетуі мүмкін

0
135

Еуропаның бірнеше елі Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Израильді 2025 жылғы "Евровидение" байқауына қатыстырмауды талап еткен.


Израильді

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Келесі аптада Еуропалық хабар тарату одағы Израильді "Евровидение" музыкалық байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды, деп жазады zakon.kz.

Young European Greens мәліметінше, Еуропаның бірнеше елі Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Израильді 2025 жылғы "Евровидение" байқауына қатыстырмауды талап еткен. Бұл елдердің қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.

Мамыр айында, Базельде өтетін байқау қарсаңында, Ирландияның телерадиокорпорациясы Еуропалық хабар тарату одағынан Израильдің қатысу мәселесі ұйым мүшелері арасында кеңінен талқыланатыны жөнінде уәде алған.

Бүгін исландиялық БАҚ екі ай бұрын өткен RÚV (Исландия телерадиокорпорациясы) кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, Израильдің "Евровидениеге" қатысу мәселесі 3 шілдеде Лондонда өтетін Еуропалық хабар тарату одағының Бас ассамблеясында қаралады.