Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату турады келісім өткізбек

0
375

Израильде соғысты тоқтату туралы қысым көрсетіліп отырған пермьер-министр Беньямин Нетаньяху бүгін АҚШ-қа ұшып кетті.


Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату турады келісім өткізбек

Фото: Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

ERNUR.KZ. Израиль делегациясы Газа бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қатарға келді. Келіссөздер барысында Израиль делегациясы ХАМАС-пен Газада атысты тоқтату туралы соңғы ұсынысты талқылайды, деп жазады Stan.kz.


Израильде соғысты тоқтату туралы қысым көрсетіліп отырған пермьер-министр Беньямин Нетаньяху бүгін АҚШ-қа ұшып кетті. Ол 7 шілдеде Дональд Трамппен кездеседі.

Бұған дейін АҚШ президенті Израиль тарапының Газа секторында атысты екі айға тоқтату туралы шартқа келісіп отырғанын айтқан еді. ХАМАС өзінің шарттарын қойып еді, оған Израиль тарапы "ақылға симайды" деп жауап беріп үлгерді.

“Қалыптасқан жағдайды бағалай отырып, Нетаньяху Израиль келіскен Қатардың ұсынысы негізінде кепілдегі азаматтарды қайтару бойынша жұмыстарға күш салу үшін Қатарға делегация жіберу туралы шешім қабылдады”, – деп мәлімдеді премьер-министрдің кеңсесі.

Бұл аралықта Израильде жергілікті тұрғындардың наразылығы өршіп барады. Ірі қалаларда Газа секторында кепілдікте отырған азаматтардың барлығын босату туралы талаппен акциялар өтті.

Израиль тарапының мәліметтері бойынша, Газада әлі кепілдікте отырған 50 адамның 20-сы тірі, 28-і өлген, тағы екеуінің жағдайы әзірге белгісіз.