Желіде бейнежазба тарады.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Израиль Қорғаныс армиясының зымыранмен жасаған соққысы салдарынан Газа қаласының батысындағы Әл-Айбаки мешіті толықтай қирады, деп жазады inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, бұл ғимарат XIII ғасырда салынған. Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады.
Бұған дейін ЦАХАЛ Газа қаласында құрлық операциясын бастағанын жазған болатынбыз. Израильдің әуе күштері Газа қаласына жаппай әуе шабуылдарын жасады. Бұдан кейін қалаға Израиль танктері баса көктеп кірген.
БҰҰ Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп атады.